Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматтар әкімдіктің қолдауымен «Яндекс такси» қызмет пайдалана алады

Dalanews 29 сент. 2023 01:48 1207

Алматыда өздігінен қозғала алмайтын мүмгедектігі бар азаматтар үшін кресло-арбаларға арналған бөлшектерді жөндеу және ауыстыру бойынша тегін орталық жұмыс істейді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арба жөндеу шеберханасы 470 мүгедек адамға қызмет көрсетуде. Бұл турал Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2023 жылы кресло-арбаларды жөндеу бойынша кемінде 600 қызмет көрсету жоспарлануда.

– Мүгедек жандарға және мүмкіндігі шектеулі балаларға қосымша «Инватакси» қызметтері ұсынылады. «Инватакси» қызметімен қамтамасыз ету 100 автокөлікке мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырып келеміз. Сондай-ақ, «Яндекс такси» такси агрегаторы арқылы қызметті іске қосу бойынша пилоттық жоба іске қосылуда. Осылайша қаладағы мүгедектігі бар азаматтардың жүруіне қолайлы жағдай жасауға барынша күш салудамыз,  – деп атап өтті басқарма басшысы.


Бұдан басқа Алматы қаласында мүгедек адамдарды жан-жақты қолдау және оларды қоғамға интеграциялау үшін қалада 2020 жылдың мамыр айынан бастап «Ten Qogam» әлеуметтік қолдау орталығы жұмыс істеп келеді.

– Ағымдағы жылы Алматы қаласы әкімінің «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығы» әлеуметтік жобасын ауқымын кеңейту жөніндегі тапсырмаға орай, қала бойынша 7 орталық ашу жөнінде шешім қабылданды. Жыл басынан бері «Ten Qogam» орталықтарында 3 065 адамға қызмет көрсетілді, – деді Бауыржан Жаубасов.

 

 

Рекомендовать
Последние новости