Алматыда есірткі зертханасы анықталды: үш адам ұсталды

Көркем Алдабергенова 12 июн. 2025 09:44

2025 жылғы мамырда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен 2 есірткі зертханасы мен прекурсорлары бар ірі қойманы жойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Есірткі заттарын дайындау кезінде ҚР 3 азаматы ұсталды, оларға қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

15 кг-дан астам «мефедрон» психотропты заты мен 650 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі заттарын дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

 


Рекомендовать
Последние новости