Алматыда екі қабатты ғимаратты бұзып жатыр

Ақтоты Жапатова 17 апр. 2025 09:30 445

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Тілендиев көшесі, 137-үй мекенжайында орналасқан нысанның бұзылып жатқанын мәлім етті, - деп хабарлайды Dalanews.kz 

Бұған дейін басқарма жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, меншік иесіне (жеке тұлға) рұқсат құжаттарының толық болмауына байланысты әкімшілік шаралар қолданған. Анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, кейін нысанды бұзу туралы талап арыз сотқа жолданған.

2024 жылы 23 мамырда Алмалы аудандық соты басқарманың талап арызын қанағаттандырып, нысанды заңсыз деп таныды. Ал өткен жылдың 20 тамызында Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі ғимаратты бұзу жұмыстарын бастап кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 73 заңсыз нысан, соның ішінде «Мечта», KHAN тұрғын үй кешендері және т.б. толық немесе жартылай бұзылған.


Рекомендовать
Последние новости