Алматыда Әйтеке би көшесін 142 метрге ұзарту жұмыстары аяқталды

Dalanews 02 нояб. 2023 12:22 853

Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданын аралау барысында Әйтеке би көшесі – Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейінгі жолды ұзарту жұмыстарының барысымен танысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын ағымдағы жылдың мамыр айында Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы қаласының басшысы Әйтеке би көшесін ұзарту жоспарын айтқан еді. Құрылыс көше-жол желісінің жүктелу деңгейін төмендету, сондай-ақ ауданның көлік инфрақұрылымын дамыту қажеттілігінен туындады.

2023 жылдың маусым айында "АлматыДорстрой компаниясы" ЖШС мердігерлік ұйымы қалалық мобильділік басқармасының (ҚМБ) тапсырысы бойынша Әйтеке би көшесі – Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейінгі жолдың құрылысын бастады, ол 2023 жылдың қазан айында жол жұмыстары жоспарға сәйкес мерзімінде аяқталды.

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев Алматы әкіміне объектіні уақтылы пайдалануға беру туралы есеп берді.

– Инженерлік коммуникацияларды қайта құру жүргізіліп, сыртқы жарықтандыру орнатылды. Сондай-ақ, жол белгілерін жасау, орнату жұмыстары аяқталды. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету  үшін Әйтеке би көшесінде  көлік тек оң жаққа  қарай қозғалатын болады.Батыс бағыт бойынша  жүретін кезде тиісті жол белгісі  орнатылады, тікелей, солға және оңға жүруге болады, – деді ҚМБ басшысы.

Көліктік қызмет көрсету сапасын арттыру, ЖКО деңгейін қысқарту және автомобиль көлігінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту мақсатында қалалық мобильділік басқармасының тапсырысы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл радиалды жолдарды ұзарту:

- Саин көшесі Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін жалпы ұзындығы 11 км, оның ішінде 7,8 км пайдалануға берілді және 3,2 км құрылыс жүргізілуде,жұмыстардың аяқталу мерзімі-2024 жыл;

- Рысқұлов даңғылы Ф. Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейін ұзындығы 2,3 км. Жұмыстарды аяқтау мерзімі-2025 жылғы желтоқсан;

- Абай даңғылы Б. Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін. Оның жалпы ұзындығы 5,3 км құрайды, оның ішінде 4,7 км пайдалануға берілді. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2024 жылы басталады, ал 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда;

- Тілендиев көшесі Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін. Жалпы ұзындығы – 10,5 км. ЖСҚ әзірлеуді аяқтау мерзімі-2024 жылғы желтоқсан;

- Солтүстік айналым көшесі қала шекарасына дейін. Жалпы ұзындығы – 1,2 км. ЖСҚ әзірлеуді аяқтау мерзімі-2023 жылғы желтоқсан.

Сонымен қатар ішкі магистральдық көшелерді  ұзарту жұмыстары жүргізілуде:

- Төле би көшесі Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін жалпы ұзындығы 4,5 км. Жұмыстар жер учаскелерін сатып алуға қарай жүргізілетін болады;

- Қажымұқан көшесі Назарбаев даңғылынан Сейфуллин даңғылына дейін. 1 кезек-Сейфуллин даңғылынан Жамақаев көшесіне дейін, Алдар Көсе көшесін реконстуркциялау. Жалпы ұзындығы 0,24 км. Жұмыстар 2024-2025 жылдарға жоспарланған;

- Жұбанов көшесі Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін. Мердігерлік ұйымды айқындау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде, оның жалпы ұзындығы 3,9 км. ҚМЖ бойынша жұмыстарды аяқтау 2027 жылғы желтоқсанға жоспарланған;

- Мұқанов көшесі Райымбек даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін. ЖСҚ әзірленуде, жалпы ұзындығы 0,6 км. ҚМЖ 2024 жылы бастау жоспарлануда.

 

Рекомендовать
Последние новости