Алматыда «Арыстан» базары сүріліп жатыр

Ақтоты Жапатова 17 июн. 2025 14:57

«Ақсай-4» шағынауданындағы жалпы көлемі 2000 шаршы метрден асатын базар соттың шешімімен сүріледі. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында «Арыстан» базарының бір бөлігі еш рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылғаны анықталды. «Фирма Тигрохауд» ЖШС меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

"Анықталған жайттарға байланысты басқарма аудандық сотқа заңсыз тұрғызылған базар алаңдарын бұзу туралы талап арыз жолдаған еді. 2024 жылғы 1 наурызда сот ауданы базардың 2125,62 шаршы метр болатын бір бөлігін бұзу туралы шешім шығарды, 2024 жылғы 19 шілдеде Алматы қалалық соты бірінші шешімді өзгеріссіз қалдырды", - делінген хабарламада.

Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен сүру жұмыстары басталды.


Рекомендовать
Последние новости