Алматыда 10 шағынаудан жарықсыз қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қала әкімдігі мәліметінше, 13 қарашада ЖЭО-2 нысанында 110 кВ №124А және №101А электр жеткізу желілері апат жағдайында ажыратылған. Соның салдарынан ПС-162А "Алғабас", ПС-169А "Ақбұлақ" және ПС-123А "АТЭЦ-2" қосалқы станциялары уақытша электр энергиясынан ажыратылған.
Алматы қаласының Алатау ауданындағы бірқатар шағынаудан жарықсыз қалды: Ақбұлақ, Алғабас, Ақкент, Саялы, Теректі, Ғажайып, Көксай, Нұркент, Дарабоз, Зерделі шағынаудандары мен Райымбек даңғылы – Момышұлы – Мөнке би көшелері бойындағы аумақтарда электр қуаты уақытша өшірілген.
Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.
