Алматыда 10 жылда алғаш рет Сайын және Райымбек батыр көшелеріндегі жер үсті өткелдері жөнделуде

Жарбол Кентұлы 18 июн. 2024 10:57 2505

Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында қаланың Әуезов ауданындағы жер үстіндегі бес жаяу жүргіншілер өткелінің біріне күрделі жөндеудің жүргізілуімен танысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сайын көшесі мен Райымбек даңғылының өткелдері 10 жылдан астам уақыт бұрын салынған және содан бері жөнделмеген. Бүгінгі күні оларда көтеру механизмдері мен лифтілер жұмыс істемейді.

Жоба аясында өткелдерде қыста да үздіксіз жұмыс істейтін  әрі аязға төзімді тік көтергіштерді орнату жоспарлануда. Жарықтандыру бағаналары мен шамдарды ауыстыру жүзеге асырылады, ағызу құбырлары ауыстырылады және жаяу жүргіншілер өткелдерін сәулеттік жарықтандыру ұйымдастырылады. Жұмысты жаздың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Бұдан басқа, қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында полицияның Жедел басқару орталығына шығарылады әрі бейнебақылау камераларының санын көбейту жоспарлануда.

Қала әкімі Onay көлік картасы арқылы азаматтардың жекелеген санаттарының лифтілерді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша үлгілік жоба әзірленетін болады, онда мұндай өткелдерді жөндеуге қойылатын бірыңғай талаптар көрсетіледі.


Рекомендовать
Последние новости