Алматы-Қорғас тасжолындағы жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Сағыныш Сардарова 12 июн. 2024 09:53 2465

Алматы облысында жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас тасжолының 105-шақырымында адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы болған.

"Toyota Hiace жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылған. Апат салдарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша қажет сараптамаларды тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

"Құрметті жүргізушілер, сіздерді рұқсат етілген жылдамдық режимін қатаң сақтап, ҚР Жол ережелерін бұзбауға шақырамыз", - деді полиция.


Рекомендовать
Последние новости