Алматы облысында ерекше эко-акция өтті

Ақтоты Жапатова 18 мар. 2025 14:59 531

Алматы облысының оқушылары мектеп аулаларына 1000-нан аса құс ұясын орнатты,-деп хабарлайды Dalanews.kz

Аталған шара “Халықаралық құстар күніне” орай, Қонаев қаласының көпсалалы колледжінің базасында ұйымдастырылды.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты орман шаруашылықтарының қолдауымен колледж студенттері өз қолдарымен 1000 торғай ұясын жасап, оларды мектеп оқушыларына табыстады.

Бұл эко-акция облыстың барлық аудандарында өз жалғасын табатын болады.


Рекомендовать
Последние новости