Алматы облысында ер адам полицейлерге оқ атып жіберген

Көркем Алдабергенова 18 апр. 2024 09:56 3880

Алматы облысында ер адам полицейлерге оқ атып жіберген, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Оқиға 17 сәуірде Алматы облысындағы Шелек ауылында болған. 1985 жылы туған әйел адам күйеуі ұрып жатқаны туралы полицияға хабар түскен. Оқиға орнына полиция лейтенанты Садықов пен полиция аға лейтенанты Ауғамбаев келген.

Полицейлер үйге келген кезде тұрғынды үйінен шығып, әңгімелесуге шақырған. Ер адам үйіне кіріп, қолына қару асынып шығып, полицейлер жаққа оқ атып жіберген. Полицей Ауғамбаевтың оң жақ білегіне оқ тиіп, алғашқы медициналық көмек көрсетілуі үшін ауруханаға жеткізілді.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 380-бабының 5-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді. Тұрғынның қаруы әкесінің атына тіркелген. Ол жасаған ісін мойындады.




Рекомендовать
Последние новости