Алматы облысында егіс алқабы 5 мың гектарға артты

Dalanews 08 июн. 2020 10:30 1064

Алматы облысында ауылшаруашылығы жақсы дамыған. Аймақта  өсімдік шаруашылығын белсенді дамытып, қант өндірісін қалпына келтіруде, бағбандыққа және өнімді өңдеуге ерекше көңіл бөлінген.

Биылғы жылы егіс алқабы 5 мың гектарға артты. Өңірде бірқатар дақылдардың өсуіне басымдылық берілген. Мәселен, соя-91 пайыз, қант – 75 пайыз, жүгері – 61 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ, біз көкөністер мен жеміс-жидектерді өндіреміз.



Осының арқасында жыл сайын өнім өсіміартып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірілген көлемі Алматы қаласы мен Алматы облысының базарларына сатылады. Соңғы екі жылда  көкөніс өнімдерінің жоспары бойынша өңірлердің қажеттілігін толығымен қамтамасыз етіп отыр.

«Таяу жылдары шетелдік нарықтарға толығымен шығамыз деп ойлаймыз. Бүгінгі күні біздің алмалар Ресейге, ал жүгері Өзбекстан мен Қытайға жеткізіледі. Сонымен қатар,  пияз мен бақша дақылдарын көрші мемлекеттерге, астық пен соя сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттай бастадық. Яғни, біздің ауыл шаруашылығы өндірушілері өсіретін өнімдер шетелде де сұранысқа ие», - деді облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров.


Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 966,5 мың гектарды құрайды. 2020 жылдың өніміне 109,6 мың гектар алқапқа күздік дақылдар егілді, оның ішінде бидай – 97,0 мың гектар, арпа – 12,4 мың гектар, басқалары – 0,2 мың гектар, 204,1 мың гектар жер жыртылды. Қазіргі уақытта облыс бойынша егіс жұмыстары аяқталды, 622,4 мың гектар жаздық ауыл шаруашылығы дақылдары, 259,2 мың гектар дәнді масақты дақылдар 83,5 мың гектар дәндік жүгері, 10,6 мың гектар күріш, 163,3 мың гектар майлы дақылдар, сафлор 37,3 мың гектар, күнбағыс 18,3 мың гектар, соя 106,6 мың гектар, 39,9 мың гектар картоп, 16100 мың гектар қант қызылшасы, 13,1 мың гектар азықтық дақылдар  егілді.



Ағымдағы жылы облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне минералдық тыңайтқыштар сатып алуға 1 513 836,0 мың теңге бөлініп, 1 146 660,9 мың теңгесі игерілді. Бүгінгі күні өндірушілерге 37,8 мың тонна тыңайтқыш жөнелтілген. Тұқым шаруашылығын қолдауға 1 667 200,0 мың теңге қарастырылып, 245,0 мың теңге пайдаланылды.

"Біздің шаруа қожалықтарымызға және ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне үлкен көмек көрсетіледі. Тек осы жылы Ауыл шаруашылығын қолдауға 42 миллиард теңге субсидия берілді. Бұған көктемгі егіс жұмыстарына 165 мың теңге тұратын 19 мың тонна арзандатылған дизель отынын сатып алу кіреді.

Егін жинау жұмыстарына қосымша 20 мың тонна дизель отыны сатып алынады. Сондай-ақ суару жұмыстары, тыңайтқыштар, гербицидтермен және жәндіктерден құрал-жабдықтармен өңдеу субсидияланады. Субсидиялар сондай - ақ кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді және басым бағыттар бойынша Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласындағы басқа да мәселелерді қамтиды", - деді облыс әкімнің орынбасары.

Сондай-ақ, "Кең Дала" мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 миллиард теңге қарастырылған. Ауылдық жерлерде халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру үшін "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" және "Аграрлық несие корпорациясы"арқылы 5 миллиард теңгеге жуық қаражат берілген.

«Елбасы, өнімділікті 5 жылда 2,5 есеге арттыруды тапсырды. 4 жыл ішінде біз ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін екі есе арттырдық, бір жылдан кейін алға қойған мақсаттарға қол жеткіземіз деп ойлаймыз», - деп атап өтті Бескемпіров.

"Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты біз көктемгі-егіс жұмыстарын жоспарлаудан бұрын аяқтадық. Бірақ бұған қарамастан, жұмыс барысында ешқандай проблемалар туындаған жоқ, өйткені мемлекет үлкен қолдау көрсетті. Мысалы, біздің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер карантинге қарамастан кедергісіз қозғала алды, автокөлік қосалқы бөлшектерінің, тыңайтқыштардың және жанар-жағар май материалдарының дүкендері ашылды. Осылайша, біздің Үкіметтің қолдауының арқасында пандемия ауыл шаруашылығына қатты әсер еткен жоқ деп айтуға болады", - деді ол.

Ол сондай-ақ облыста жалпы өнім көлемін 1 триллион теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Әкімдіктің мәліметінше, өткен жылы жалпы өнім көлемі 148 миллиард теңгеге артты, ал 2015 жылдан бастап бұл көлем 2,5 есеге өсті.

 Анар САБЫРОВА


Рекомендовать
Последние новости