Алматы облысында 39 мың гектар суармалы жер айналымға қосылды

Dalanews 11 нояб. 2021 14:16 843

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде 2030 жылға қарай суармалы жер көлемін 3 миллион гектарға дейін ұлғайту туралы Елбасының тапсырмасы мен Президенттің Жолдаудағы міндеттері қалай орындалып жатқанын айтып берді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Спикердің айтуынша, белгіленген міндеттерге сәйкес 2030 жылға қарай облыс бойынша 138 мың гектарды қалпына келтіру жоспарланған. Соңғы үш жылда бұрын айналымнан шығып қалған 39 мың гектар суармалы жер қайта тартылды.

–Биылғы жылы 14 мың гектарды қалпына келтіру үшін ирригациялық құрылыстарға 6,3 млрд. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілуде. Ислам даму банкінің қаржысы есебінен Ескелді және Ақсу аудандарында суару желілері қайта жаңартылып жатыр, – деді Амандық Баталов.

Рекомендовать
Последние новости