Алматы облысы Индустриаландыру жобаларын іске асыруда үштіктің қатарында

Dalanews 23 нояб. 2022 13:50 1166

Алматы облысы Индустриаландыру картасындағы жобаларды іске асыруда ел бойынша алдыңғы үштікке кіретін өңір. Аймақтағы өнеркәсіп құрылымындағы ең күлкен үлес өндіруші секторға тиесілі. Олардың көрсеткіші 90%-ды құрап отыр. 

Жалпы алғанда осы салада 9 бірдей су жаңа өндіріс ошағы іске қосылған. Нәтижесінде аймақ халқының қамы үшін қосымша 352 жұмыс орны құрылған болатын. Облыстағы межелі міндеттер өз ретімен орындалуда деп айтқанымызбен өңірдің кей аймақтарында өндірістік нысанның орны да жоқ. Нақтылар болсақ, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар және Ұйғыр аудандарында өндірістік нысан әлі күнге іске қосылмаған.

Облыстағы жеңіл өнеркәсіп өндірісінің жағдайы мәз  емес. Мұндағы өнім өнімділігі 10,6%-ға төмендеген. Бір ғана Райымбек ауданында  өндірістегі өсім 41,8%-ға түсіп кеткен, нәтижесінде жылдық жоспар небәрі 21%-ға орындалған-ды.

Алайда, облыс басшылығы қарқынды үдетіп, пайданы еселеуге бар күшін салуда. Оның бір ғана дәлелі, Индустриаландыру картасы аясында 56,2 млрд теңгеге 657 жұмыс орнын құрумен 3 жобаның  іске асыруы. Бұл қатарда Іле ауданында қуаты жылына 80 келі доре алтын-күміс қорытпасын өндіретін «Аметист» гидрометаллургиялық цехы іске қосылғанын атап өткен абзал.


Аймақ басшылығының сөзіне сүйенсек, жыл соңына дейін өнеркәсіп өндірісінің көлемін 2,3% өсіммен 1,4 трлн теңгеге жеткізу, ал өңдеу өнеркәсібінің экспортын 451,5 млн АҚШ долларына жеткізу көзделген.

Сол себепті де Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев облыстағы ең ірі «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС, «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС және «Tree Energy» ЖШС сияқты инвестициялық компанияларының басшыларымен тұрақты түрде жеке кездесулер өткізіп келеді.

Қазақстандағы тамақ өндімдерінің соның ішінде макаронның кең әзірлеп шығаруға және оларды ел аумағы мен Еуразия аймағында таратуға машықтанған «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС «дайын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттарды өндіру зауыты» жобасының жемісін көріп отырған жайы бар.

Алайда, зауытта өндірілетін өнімдердің басым бөлігі сырт асып жатқаны жасырын емес. Өзімізден бұрын өзгенің нарығын толтырған бұл тамақ өнімдерінің ішкі нарықты қамту қажеттігі басты мәселе болып қала беруде.

Айта кетейік, «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС екі бағыт бойынша жұмыс жасап келеді, ендігі кезекте үшінші бағыт ретінде ұн тартуға ден қойып, арнайы цех ашпақшы.


Аймақтағы компаниялардың  ішінде салмақтысы болып талыбатын алып «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-гі ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығын 35,0 млрд теңге болатын инвестиция көлемімен түйіндеген еді.  Өндірістік қуаты жылы 85 мың тоннадан астам дайын өнім шығаруға қауқарлы кәсіпорын жергілікті тұрғындардың  90%-ын жұмыспен қамтып отыр. Онысы көңілге медет.

Алматы облысынның орталығынан бөлек, іргелес жатқан Іле ауданыда кәсіпорын ошағы шоғырланған жер десекте болады. Мұндағы  «Hoffmann» сауда белгісімен «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС кең мақсаттағы алюминий профильдерін өндіру бойынша толық циклді өндіріс орны жұмыс жасайды. Компания 2013 жылы жергілікті өндірушілерді қолдау және дамыту мақсатында құрылған.

Компания өнідері ел амуғында әртүрлі маңызды нысандарды салуда тұрақты түрде қолданылып келеді. Ірге тасы қаланған сәттен бері қарай 30 мың тоннадай өнімді шығарған бұл кәсіпорындағы жұмыс орындарының саны 700-ді құрап отыр.


Жалғыз өзі ғана қазынаға 2 млрд түсім береді. Аймақтағы қос ірі компанияның әзіргі әлеуеті осындай. Алдағы уақытта осы бағыттағы істер жандана түседі деген сенімдеміз.

Бүгінгі таңда өңірде  жыл басынан бері облыста 54,2 млрд теңгенің 10 ірі инвестициялық жобасы жүзеге асырылып, 700-ге жуық жұмыс орны ашылған. Ауқымды жобалар қатарынан  «Наурыз Агро» асыл тұқымды құс репродукторы, «Алюгал» қорытпаларынан құрылыс материалдарын шығаратын зауыт, «Медикал Холдинг Sintez-KZ» медициналық титан имплантаттары мен тренажерлар өндірісі және «Қарасаз Агро» балық шаруашылығын көруге болады.

Жалпы Алматы облысында 8 ай ішінде инвестиция ағыны 19%-ға артып, оның жалпы сомасы  320 млрд теңгеден асып жығылған болатын.

Рекомендовать
Последние новости