Алматы облысы газ тасымалдауға 12 млрд сұрап жатыр

Көркем Алдабергенова 22 сент. 2025 10:07

Алматы облысында газ тасымалдау жүйесін кеңейтуге 12 млрд теңгеден астам қаржы сұралды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының бюджет жобасына сәйкес, «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасына бөлінетін қаражат мынадай:

  • 2024 жыл – 2 024 мың теңге;

  • 2025 жыл – 2 025 мың теңге;

  • 2026 жыл – 12 073 132 мың теңге;

  • 2027 жыл – қаражат қарастырылмаған;

  • 2028 жыл – қаражат қарастырылмаған.

Жалпы сомасы – 12 млрд 77 млн 181 мың теңге.

Жобада бұл қаржы коммуналдық саладағы инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталатыны айтылған.

Мақсат – халықты сенімді, қауіпсіз әрі экологиялық таза отынмен қамтамасыз ету, газ жүйелерінің тұрақты жұмысын қолдау.

Құжатта көрсетілген міндеттер қатарында жаңа нысандарды пайдалануға беру, қажетті құжаттарды рәсімдеу және газбен жабдықтау нысандарына қауіпсіз техникалық қызмет көрсету бар.


Рекомендовать
Последние новости