Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Қаракөз Амантай 03 нояб. 2025 09:26

Алматы облысы әкімінің өкімімен Қанат Есболатов Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қанат Болатұлы 1982 жылы туған. Білімі жоғары, 2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 «Досанов» шаруа қожалығы төрағасының орынбасары болып бастаған.

Әр жылдары Алматы облысы қаржы басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бір жолғы талондарды беру және есепке алу жөніндегі инспекторы, бас инспекторы, аға инспекторы, «Megaron & K» ЖШС-нің қаржы директоры, Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық округінің әкімі, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жетісу облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Жетісу облысы Кербұлақ ауданының әкімі лауазымында қызмет етті.


Рекомендовать
Последние новости