Алматы мен Бейжің туризм саласын бірлесіп дамытады

Dalanews 24 июн. 2017 12:20 957

2017-ші жыл Қазақстан үшін "Қытайдың туризм жылы" болып табылады. Қазіргі таңда екі мемлекеттің туризм саласындағы ынтымақтастығы күннен-күнге күшейіп келеді. Бейжің қаласы туризмді дамыту комитеті Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің Қытай павильионында Бейжің апталығының ашылуына қатысқаннан кейін, 19-маусым күні Алматы қаласында RІXOS мейрамханасында Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі аясында Алматы – Бейжің сауда-экономикалық ынтымақтастық семинары болып өтті.

Оған Бейжің қаласының делегациясы, сауда палатасы өкілдері және Алматы қаласы әкімдігінің қызметкерлері, ҚР «Атамекен» ұлттық Кәсіпкерлер платасының, Қазақстан – Қытай сауда қарым-қатынасын арттыру палатасының мүшелері, сондай-ақ, отандық кәсіпкерлер қатысты.

Шара барысында Бейжің қаласы туризмді дамыту комитетінің басшысы Джау Гуанг Чау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Бейжің және Алматы қалалары арасындағы сауда-экономикалық қатынастар жаңа бағытта дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Ал одан кейін сөз алған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Румил Тауфиков екі ел арасында «Нұрлы жол» және «Жібек жолы» бағдарламалары жолға қойылып, «Бір белдеу – бір жол» жобасы жүзеге асырыла бастағанын атап айтты. Бұл ретте, алдымен Орталық Азия, ТМД елдерімен одан әрі Еуропаға және Парсы шығанағына шығуға мол мүмкіндіктер ашатын «Бір белдеу – бір жол» жобасының маңыздылығына тоқталды. Сосын, оның орындалуында Алматының алатын орны айрықша екендігін айта келіп, қазіргі таңда Алматық аласында 296 бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейтінін тілге тиек етті.

Джау Гуанг Чау конференцияға қатысқан өкілдерді Бейжіңдегі туризм мен туризм саясаты туралы тиісті ақпаратпен таныстырып, Бейжіңнің бай тарихы мен мәденимұрасыжөнінде, жоғары деңгейдегі қабылдау және қызмет көрсету мүмкіндігін, тағамдар мен тауарлардың сан алуандығын, сондай-ақ, әр-түрлі сауықтыру шаралары туралы әңгімелеп берді. Сөз соңында ол Алматыдағы әріптестеріне Бейжіңдегі көрікті жерлерді таныстырды әрі туристік агенттіктерін ұсынды, жағдайды пайдалана отырып, бірлесіп дамуға Алматыдағы туризм саласымен тығыз ынтымақтасуға деген тілегін білдірді.

Міне, осындай екі тараптың кәсіпкерлері қозғаған сауда-ынтымақтастық қатынастар туралы нақты сөздерден соң, екі жақтың әр саладағы кәсіпкерлері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімдері болды. Тараптар туристік саладағы базалық инфрақұрылымды жетілдіруге уағдаласты

Алматы қаласы туризм басқармасы туристік ақпарат орталығы және сыртқы байланыстар бөлімі, сондай-ақ, жергілікті туристік кәсіпорындары мен келіссөзде өткізді. Алматы қаласы мен Алматы облысының туризм басқармасы жергілікті туристік ресурстарын дамытып және оны көпшілік арасында танымал етіп, соның арқасында одан да көп туристерді келтіріп, Бейжің қаласы туризм комитеті мен ынтымақтасуында тығыз қатынас орнатылатынына үміттенеді. Бейжің қаласы туризм жөніндегі комитет мүшесі Джао Гуанг Чао мәлімдегендей, болашақта Бейжің Алматы мен туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды, Алматы мен Бейжіңнің туризм саласын дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруына қолдау көрсетеді.



 

Гүлзат Сейітқамал

 

 

 

Рекомендовать
Последние новости