Алматы әуежайында 10 жыл бойы іздеуде болған атышулы банды ұсталды

Dalanews 13 янв. 2024 16:41 2058

Алматы әуежайында 10 жыл бойы іздеуде болған қауіпті қылмыскер құрықталды хабарлайды Dalanews.kz.

Полицияның мәлім еткеніндей шекараны кесіп өту кезінде 1970 жылы туған С.Ш.Ахметов ұсталған. Ол 2013 жылдың жазынан бері аса ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде болғанын айта кету керек.

Ұсталған азамат Самарқан Ахметов дейтін "қылмыс әлемінің авторитеті" болып шықты.

Қылмыс әлемінде "Самар" лақап атымен танылған Ахметов 2012 жылы  "crime boss" (вор в законе) атағын алған. Орал қаласында өмірге келген Ахметовты "ұлықтау" рәсімі Кипрда өткен. Осы рәсімде оған Қазақстандағы ұры-қарылардың "кураторы" атағы қоса берілген.



Сол жылдары Батыс Қазақстанның Ішкі істер департаментінің басшылығы Самар есімді азамат туралы полицияның хабардар екенін айтқан болатын.

Ұсталған адам Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары басталып кетті.

2014 жылы Алматыда Қазақстанның түзеу мекемелеріндегі астыртын ойынханалардан Самарқан Ахметовке "қор" жинаған төрт қазақстандық ұзақ мерзімге сотталған.


Олардың арасында Алмалы аудандық соты 5,2 жылға бас бостандығынан айырған Самарқан Ахметовтың інісі де бар-тын.

Қылмыстық іс материалдарында Шығыс Қазақстан облысы Шуақ ауылындағы және Алматыдағы тергеу изоляторының аты аталған. Екі жағдайда да сотталғандар құмар ойынға тартылған. Казиноның кесірінен қарызға батқан тұтқындардың берешегін туған-туыстары өтеп беруге мәжбүр болған. Бұл ақшаның барлығы "ортақ қорға" жиналып, кейіннен Араб әмірлігіндегі "Самардың" есеп-шотына аударылған.

Рекомендовать
Последние новости