Алматы ардагерлеріне 2 миллион теңгеден төленеді

Dalanews 15 апр. 2024 12:47 2015

Бұл шешім Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қабылданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс XVI сессиясы өтті. Депутаттар алдында баяндама жасаған Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысы Бауыржан Жаубасов Екінші дүниежүзі соғысы ардагерлеріне төленетін бір реттік төлем мөлшерін көбейтуді ұсынды.

Алматы қаласы мәслихатының бұрын бекітілген шешімі бойынша Екінші дүниежүзі соғысы ардагерлеріне 1 миллион теңге көлемінде бір реттік көмек берілетін. Өткен жылы айтылған көмекті 56 ардагер алды. Қазіргі уақытта Алматы қаласының аумағында 44 ардагер өмір сүріп жатыр. Осы орайда Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен бір реттік төлем мөлшерін 2 миллионға дейін өсіруді ұсынамын, – деді Бауыржан Жаубасов.


Мәслихат депутаттары ортаға салынған ұсынысты қолдап, бірауыздан шешім қабылдады. Жеңістің 79 жылдығына орай биыл алматылық ардагерлерге 2 миллион теңге төленетін болады.


Рекомендовать
Последние новости