Алматы академиясында онлайн-алаяқтарға қарсы күресетін полицейлер дайындайды

Dalanews 08 июн. 2021 11:21 702

Соңғы кездері интернет, телефон, ватсап алаяқтардың көбейіп кеткені белгілі. Қылмыс әлемі енді онлайн режимде жұртты алдауға кірісті. Қашықта отырып қарапайым адамдарды қан қақсататын мұндай қылмысқа қарсы күресу үшін Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында мамандар даярлай бастады.

Мұндай шешім өткен жылы қабылданған болатын. Енді полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіптің күзетшілері ғана емес, бағдарламашы да болады. Оларды түрлі хакерлермен қалай күресуге үйретпек.

– Технология күн сайын өзгеріп жатқан қазіргі заманда киберқылмыспен күресу өте маңызды болып отыр, – дейді Алматы академиясының бастығының орынбасары Жанат Дилбарханова, – Аталған қылмыспен күрес мамандығына біздер осы саладан тәжірибесі бар кадрларды тартып отырмыз. Оларды дайындауға  басқа да ұйымдар мен мекемелер қатысуда.

Өте керемет жаңалық! Енді онлайн-алаяқтардың еркінсуі басылып, заң алдында жауап беретін күндері де алыс емес деп ойлаймыз.

Рекомендовать
Последние новости