"Алға Қазақстан" деп айғайлайтындар патриот емес...

Dalanews 09 янв. 2017 05:04 883

Әлем чемпионы Қуат Найман өзінің инстаграм парақшасында ҚР азаматтарын тіркеу туралы ережеге қатысты өз ой-пікірін білдірген екен. Ол не дейді? 

"Қазақтың мәселесі бастан асады. Оны санамалап шығу үшін он саусақты түгел бүгуге тура келеді. Ауыл тозып барып, қайда барсаңда жұмыссыздық, қысқарту. Азық-түліктің бағасы аспандап тұр. Коммуналдық қызмет бағасы да арзан емес. Анығы, бәрі қымбаттап жатыр. 

Алматыдан 100 шақырым сыртқы шықшы, мүлде бөлек әлем. Жолдар сонау 1945 жылдан бері жөндеу көрмеген. 

Жастар араққа салынған. Ұрлық-қарлық, қылмыс көбейіп барады. Елдің бәрі аштан қатпау үшін қалаға қашуда. Енді келіп онсыз да жан сақтай алмай отырған жұрт ауылдан қалаға келгені үшін қалтасынан ақша төлеу керек пе? Құдай тұр ғой, егер кім де кім тіркеу туралы мәселемен үйіме келер болса, сол арада жанын жәһаннамға жіберем. 

Қазақстан мұнай, газ, алтын, күміс, уран, мыс, көмір қоры бойынша әлемнің алдыңғы 5-тігіне кіреді. Халық осы байлықтың қызығын көріп отыр ма? Ал билікте ұят жоқ. Бұдан кейін қарапайым халықты тіркеуі болмағаны үшін айыппұл салып жазаламақсыздар ма?

Анығында, "Алға Қазақстан" деп айғайлайтындар патриот емес, халқының мұң-мұқтажын жан-тәнімен сезінетін адамдар патриот. Елімізде  шешімін таппаған қаншама мәселе бар, ал бұлар болса баспанасыз жүрген қазаққа  тіркеу туралы заңды ойлап тауыпты".

Рекомендовать
Последние новости