Әлеуметтік төлемдер 14,5%-ға көтеріледі

Dalanews 29 мая 2023 02:40 982

Қазақстанда 1 шілдеден бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5%-ға көтеріледі, – деп хабарлайды Dalanews.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5%-ға артады, – делінген жұма күнгі хабарламада.

Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

Мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыны көбейту 92 мыңға жуық алушыны және асыраушысынан айрылған 61 мың отбасын қамтитын болады.

Рекомендовать
Последние новости