Әлемнің дамыған елдері құмар ойын нарығын бақылауға әлдақашан алған

Жарбол Кентұлы 05 авг. 2025 11:19

Жеңіл жеңіс елесі және құмар ойын сайттарының қолжетімділігі адамды осал етеді. Көзді ашып жұмғанша ойыншы өз қаражатын ғана емес, жақындарының мүлкінен де айырылады. Лудомания адамдарды тұрақты экономикалық және жеке дағдарыс жағдайына алып әкеледі.

Технологияның дамуымен онлайн бәстер мен онлайн ойындар кең таныла бастады. Сондықтан әлемнің көптеген елдері құмар ойындар нарығын бақылаудың онлайн құралдарын енгізіп жатыр. Мұндай шаралар Италия, Испания, Франция, Германия мен АҚШ-тың кейбір штаттарында қабылданған.

Танымал халықаралық үлгіде жасалған «Бірыңғай есепке алу жүйесі» дәл қазір біздің ел үшін де өзекті. Жүйені енгізу арқылы ойын нарығын жүйелеуге, оны барынша ашық етуге болады.

«Біріңғай есепке алу жүйесі» ауқымы кең мәселелерді шешпек: лудомания мен заңсыз құмар ойындарға қарсы күрес, кәмелетке толмаған және де әлеуметтік осал топты қорғайды және т.б. Қарапайым мысал, жалған жеке куәлік арқылы тіркелуге жол берілмейді. Букмекерлік кеңсенің сайтына кірген адам тіркеу кезінде өзінің тегін, атын, әкесінің атын, ЖСН және басқа да деректерді енгізеді. Ол растау коды бар SMS келетін телефон нөмірін тіркейді.

Содан кейін пайдаланушы биометриялық сәйкестендіруден өтуі керек. Осылайша, үшінші тұлғаның атынан ойнау мүмкіндігі жоққа шығарылады.

 


Рекомендовать
Последние новости