Ал Елбасы бекіткен жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасы тұрғындардың баспана мәселесін оңтайлы шешуге сеп болмақ. 10 шақты жыл бұрын кезекке тұрғандарға көптен күткен жер беріле бастады. Жыл басынан 2 мыңға жуық ақтөбелік 10 сотықтан жер алған. Кезекте тұрған 105 мыңға тарта адамның тізімі қайта жасалып, 3 мыңға азайды. Қазір қосымша 3500 жер учаскесін беру реті қарастырылуда. Бұл жұмыстар қаланың бас жоспары бекітілмегендіктен, уақытша тоқтатылған. Енді 2017 жылы 7 мың учаске беру жоспарлануда.
«Инвентаризация жасағанның арқасында бос игерілмеген учаскелерді қайтып алып, қайтадан кезекте тұрғандарға берілді. Соның арқасында қазіргі күннің өзінде 1800-дей жер учаскесі берілді. Ол бағдарлама қордаланған мәселелерді шешіп, нақты жер кодексіндегі азаматтардың 10 сотық жер алуына көптеген көмек береді деп ойлаймыз. Сол жұмысты біз әрі қарай жалғастырамыз», – дейді қала әкімі Ислам Испанов.
Дереккөзі: baq.kz