Алатауға шықтың ба?..

Dalanews 05 мар. 2016 00:49 1085

Қазақтың көркем табиғатының қызығын қазақ неге көрмейді? Қазақтың ұлттық табиғатына сай даласы да сұлулыққа бай. Біз ғана емес, бүкіл әлем халқы жыл 12 ай демалыс іздесе, елімізге келсін. Не іздесе де, қазақ даласынан табылады. Бірақ, өзгені қойып өзімізде сол табиғатты игілікке пайдалана алмай отырмыз. Жаз болса шетел асып демалғанды жөн көрсек, қысты күні жылы үйден шыққымыз келмейді.

Елімізден қандай демалыс орнын іздесеңіз де бәрі табылады. Солтүстікте Көкше, шығыста Алтай, оңтүстік шығыста Іле мен Алатудың сұлу табиғаты жатыр. Көл десеңіз, Балқаш, Алакөл бар, теңіз десеңіз Каспий жатыр шалқып. Тарихтан із іздесеңіз, Тараз, Түркістан шаһарлары мен Қаратау мен Сыр дәриясы 5 мың жылдан сыр шертіп береді. Бірақ, осы жерлеріміздің бәрі халықаралық демалыс орталығы емес, отандық демалыс орталығына да айнала алмай отыр.

Қолда бар табиғатымызды пайдалана алмай отырғанымыздың басты себебі, біздің үкімет демалыс орындарымызды үлкен табыс көзіне айналдыратын турзим саясатын дұрыс жолға қоя алмады. Қайбір демалыс орнына барсаңыз да инфрақұрлымы сын көтермейді. Демалыс орындарының инфрақұрлымын ретке келтіруге жекенің талабымен бірге мемлекеттің қолдауы керек еді. Бірақ бізде көпшілік демалатын орындарға қарағанда, жеке азаматтардың өздеріне арналған жекеменшікдемалыс орындарының жағдайы әлде қайда жақсы. Қолдарында құзыреті барлар мемлекеттік, не халықаралық демалыс орынына айналар жерлерді жекешелендіріп, әулеттік демалыс орындарына айналдырған. Елдегі қаржылық жағдайы барлардың өзінің жеке демалыс орыны бар болғандықтан, болмаса елімізге қарағанда шетелте демалған таңсық болғандықтан елімізде демалыс орындарын ашуға құлықсыз. Сондықтан, бізді қызықтырар демалыс орындары орта кәсіпкерлерге тиесілі болып қалады. Олар болса, елдің іші-сыртынан демалушылардың келуіне толық шарт-жағдай жасай алмайды.

Тағы бір себеп, бізде демалыс мәдениеті дұрыс қалптаспаған. Өзіміздің көркем табиғатымызды өзіміз қызығын көргіміз келмейді. Байларымыз шетел асып жатса, қарапайым хадық өз ауламыздан шыға бермейміз. Мүмін, бұған әлеументтік жағдадайлар да әсер ететін шығар. Қазіргі таңда күнкөрістің күйбеңімен бір күнімізді демалысқа арнауға да уақытымыз жоқ болар. Бірақ, өзге жұрттарға қарасақ бәрі де демалған уақыттында демалып, жұмыс уақытында жұмыс жасап жүр. Қайта жұмыстан қажып жүрген кезде, бір күн болса да уақытымызды демалысқа арнап жатсақ, ары қарай өзімізге шабыт алып қалар едік қой.

Алатаудың іргесінде отырған алматылықтар да Алатуға шыға бермейді. Алматылық болып жүргенмен бәріміздің тамырымыз ауылда жатыр ғой. Ауылға да жылында екі-үш рет баратын шығармыз. Ауылды сағынғанда іргеміздегі Алатауға шыққанды біле бермейміз. Әйтеуір жаз кезінде бірен-саранымыз бір рет тауға шығып, қыста Медеуге бір барып қайтамыз. Қалғанымыз жұмыстан бас алмаймыз.

Міне, сол маусымында бір рет тауға шыққан кезімізде өзімізге қарағанда өзге ұлттарды көп көреміз. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін жаз десе жаз демей, қыс десе қыс демей тау басында жүреді. Қарайсың да қызығасың. Бірақ, ғасырлар бойы дала табиғатына тойынып қалғандай боламыз да, даланың таза ауасынан қаланың түтінін жұтқанды артық көреміз.

Жақында реті келіп тауға бір шығып қайтқан едік. Сол жолда, Алатаудың басына апта сайын шығып тұратын Айтбай Айтжанов деген азамтпен аз-кем аңгімелескеніміз бар еді.

Сөз арасында Алматыны нұсқап: «Ана, мұнарды көрдіңдер ме? Ол жәй ғана түтін емес, оның астында қайнаған тіршілік. Біреулер құда болып, той жасап мәз болып жатыр, ал біреулер ет жақынынан айырылып қайғы жұтып отыр. Тағы біреумен біреу бір-бірінің етін жеп, бір-бірін күндеп жатыр. Әр адамнан әртүрлі энегрия тарауда. Ал мұнда болса тек таза, таза ауа, таза табиғат. Айналаң аппақ қар, жаныңда жасыл шырша, саған тек құштарлықтың, жақсылықтың энергиясын береді. Бір күн болса да қайшылыққа толы тіршіліктен көрі, тазалықта өмір сүріп, жаныңа ізгілік рухын жинап қайтқанға не жетсін?» деп бәрімізді ойландырып тастады. Шынында да, бізге берген Алланың үлкен сыйын неге игілігімізге пайдалана алмай жүрміз? Жүрегімізге күнделікті тұрмыстың кірін жинай бергенше, оны уақытында неге тазартпасқа?!

Отандық туризмді дамыту әрбір қазақ азаматының қолында. Біз бәріміз уақтылы демалып, жан тазалығын қаласақ, отандық туризмде алға басады. Қалада тұншықпай, қазақтың көркем табиғатына қайта жақындайтын болсақ, ұлттық тазалығымызды қайта қалпына келтіреріміз анық. Қоршаған орта мінезді қалыптастырады дейді. Ендеше белсенді ортада белсенді өмір сүрейік. Көктем де келе жатыр. Көктеммен бірге көркем табиғатымыздың да қызығын көрейік.

Тұрдыбек Құрметхан

 

 

Рекомендовать
Последние новости