“Алар асуың әлі алда”: Геннадий Головкин Нұрбек Оралбайға қолдау көрсетті

Қаракөз Амантай 08 авг. 2024 10:37 2094

Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин бокстан күміс жүлдеге ие болған Нұрбек Оралбайға қолдау көрсетіп, жазба жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

“Күміс құтты болсын! Алар асуың әлі алда. Еңсеңді биік ұста, батыр. Өз тәжірибемнен бәрі алда екенін айта аламын”, - деп жазды ол өзінің ınstagram парақшасында.

Еске салайық, қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды.

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.

Ол 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды. Финалда Оралбай Украинадан келген Александр Хижнякпен жекпе-жекке шықты. Бірінші раундта қарсыласы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші үш минуттықта Нұрбек 3:2 есебімен басым болды. Алайда, шешуші раундта украиндық спортшы 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жекпе-жекте төрешілердің бөлінген шешімімен жеңімпаз атанды.


Рекомендовать
Последние новости