Алакөл ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 60 пәтерлі тұрғын үй салынатын болады

Dalanews 26 февр. 2021 11:45 949

Бүгінде мемлекеттік тұрғын үй алу кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының саны жыл сайын артып келеді, осыған байланысты жаңа тұрғын үй массивтеріне инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды салу және жүргізу қажеттілігі қарастырылған. Жалпы, мемлекеттік тұрғын үй алу кезегіне 1345 адам тіркелген.

Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда тұрғын үй кезегіне тұру 13% - ға өскен. Қазіргі таңда, құрлыстың жобалық сметалық құжаты әзірленуде. Тұрғын үйдің ішкі алаңы 2136 шаршы метрді құраса, жалпы құрлыс ауданы 3646,8 шаршы метрді құрайтын құрлыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.



«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынатын заманауи нысанның жалпы құны 766, 440 млн. теңгені құрайды. Мұнда бір бөлмелі пәтердің пайдалану алаңы 38, 3 шаршы метрді құраса, екі бөлмелі пәтердің пайдалану алаңы 59,8 шаршы метр, үш бөлмелі пәтердің пайдалану алаңы 65,3 шаршы метрді құрайды. Бағдарлама аясындағы көп қабатты тұрғын үйдің құрлыс жұмыстарына 50 – ге жуық жұмысшы тартылмақ.

Сонымен қатар, заманауи үлгіде бой көтеретін тұрғын үй кешенінің айналасын ретке келтіру мақсатында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары да қоса жасалынбақ. Жалдамалы 60 пәтерлі тұрғын үйді сапалы түрде жылумен қамту мақсатында Үшарал қаласында орналасқан жылу қазандығына іске қосу жоспарлануда. Нысан жұмыстары келер жылы толығымен аяқталып, аудан жұртшылығының игілігіне берілетін болады.

Алакөл ауданының баспасөз қызметі


Рекомендовать
Последние новости