Академиктер Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Ғылым академиясын (ҰҒА) трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындауды кешіктіріп жатқаны үшін айыптады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қазақстанның ғылыми-академиялық саласын трансформациялау процесі әлі аяқталған жоқ әрі бұл шаруа төтенше жағдайда өткізіліп жатыр. Өйткені президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе беру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде оны қоғамдық бірлестіктен жаңа ұйымдық-құқықтық формаға трансформация жүргізу былай тұрсын, мүлде жою бағытындағы түрлі іс-әрекеттерге айналды", - делінген ҰҒА мәлімдемесінде.
Академиктердің сөзінше, Ғылым және жоғары білім министрлігі Президенттің тапсырмасын екі жылдан бері орындамай келеді.
Мәліметке сүйенсек, академия құрамына қазір 146 академик және 74 корреспондент мүшелік етеді.
Еске салайық, бір күн бұрын министр Саясат Нұрбек Президенттің шешімімен жаңа ғылым академиясы құрылғанын мәлімдеген еді. Қазір оның тоғыз академигі бар, ал бұрынғы академияның мәртебесі күшін жойған. Оның ішінде бұрынғы президент Назарбаевтың мәртебесі жоғалғаны атап өткен еді.