Ажар Ғанияттың орнына Ақмарал Әлназарова келді

Қаракөз Амантай 06 февр. 2024 20:15 6098

Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі лауазымына Ақмарал Әлназарованы тағайындады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 
 
Бұған дейін бұл қызметте Ажар Ғиният болған еді.
 
Ақмарал Әлназарова 1971 жылы 16 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
 
Алматы мемлекеттік медицина институтын "Педиатр дәрігер" мамандығы бойынша және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда қалалық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөлімшесінің дәрігері болып бастады.
 
Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері, Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
 
Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ол Қызылорда облысынан сенат депутаты болған.

Рекомендовать
Последние новости