АЭС-тың қалтқысыз жұмыс істеуі үшін Балқаштың суы жеткілікті ме?

Кәмшат Тілеухан 16 июн. 2025 12:35

ҚР Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу және пайдалану кезінде экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді қалай азайтуға болатынын қарастыратын жоспармен бөлісті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство Қазақстанда АЭС салу үшін консорциум көшбасшысын таңдау кезінде экологиялық және әлеуметтік факторлар техникалық немесе экономикалық факторлардан секілді маңызды рөл атқаратынын баса атап өтті.

"Экологиялық тұрғыдан алғанда, вендор ұсынатын технологияның мүмкіндігінше қауіпсіз әрі ұлттық және халықаралық стандарттарға сай болғаны маңызды. Заманауи станцияларды әлемдік қауымдастық экологиялық таза және қауіпсіз деп таниды. Қуаттылығы 2400 МВт-тық АЭС-ты пайдалану тәжірибесі салқындатқыш мұнаралардағы булану кезінде кететін су шамамен 63 млн текше метрді құрайтынын көрсетіп отыр, бұл Балқаш көлі бетіндегі жылдық табиғи буланудың 0,3%–на тең",деп атап өтті ҚР Атом энергетикасы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі.

Қазақстан биоалуан түрлілікке, су ресурстарына және жергілікті қоғамдастықтарға әсерін бағалауды қоса алғанда, МАГАТЭ мен ҚОӘБ халықаралық стандарттарының негізінде жан-жақты экологиялық сараптама жүргізетін болады. Осы зерттеулердің нәтижелері бойынша техникалық шаралар, қазіргі заманғы сүзу және оқшаулау жүйелері, су айдындары мен топырақты қорғау, сондай-ақ бүлінген учаскелерді қалпына келтіру жоспарлары әзірленетін болады.

"Қоғамдық тыңдалым мен тәуелсіз мониторингке сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысады, бұл туындауы ықтимал тәуекелдерді жедел анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, АЭС қызметкерлері мен жергілікті халық үшін төтенше жағдайлардағы іс–қимылдар бойынша оқыту және ақпараттандыру бағдарламалары құрыладыү Бұл жоғары дайындықты қамтамасыз ету және аталған жобаға халықтың сенімін арттыру үшін жасалады", - деп сендіреді ведомстводан.

Бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Ресейге қарсы санкциялар Қазақстандағы АЭС құрылысына зиянын тигізбейтінін айтқан. Сондай-ақ Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 20235-2036 жылдары аяқталуы мүмкін екені де хабарланды. Ал болашақ АЭС-та апатты жағдай туындағанда, оған кім жауапты болатыны да белгілі болды.


Рекомендовать
Последние новости