Абайда "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Dalanews 13 июн. 2024 05:22 1976

Жедел-профилактикалық іс-шара 9Абайда "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz. Абай облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.


Елдің көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау, сондай-ақ облыс аумағындағы заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында биылғы жылдың 3 маусымы мен 9 маусымы аралығында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. 


Тәртіп сақшылары шетелдіктердің өңір аумағына келуін, олардың шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы заңнама талаптарын сақтауын бақылайды, ішкі істер органдарында уақтылы тіркелмеген заңсыз көшіп-қонушылар мен бұзушыларды анықтауға рейдтер жүргізді. Осыған байланысты құқық қорғау органдары барлық құрылыс нысандарын, базарларды, асханалар мен кафелерді міндетті түрде тексереді, - делінген хабарламада.


Рекомендовать
Последние новости