Абай облысында үш бала қаза тапқан жол апаты: жүргізуші екі айға қамауға алынды

Сағыныш Сардарова 20 авг. 2025 12:10

Абай облысының Үржар ауданында кәмелетке толмаған балаларға қатысты қайғылы жағдай тіркелді. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Абай облысының Үржар ауданында болған жол апаты бойынша облыстық полиция департаменті қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Күдікті жүргізуші дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық істің тергелуі Ішкі істер министрлігінің бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Үржарда жүргізуші аулада отырған алты баланы қағып кеткені хабарланды.


Рекомендовать
Последние новости