94 жастағы Бибігүл Төлегенова Назарбаевтан бриллиант сағат сыйлыққа алғанын айтты

Сағыныш Сардарова 09 февр. 2024 11:54 3415

Әнші, Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтан қандай бағалы сыйлық алғанын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

94 жастағы әнші "Таңшолпан" бағдарламасында 2019 жылы Назарбаевтың қабылдауында болғанын әңгімеледі. Бұл кезде Халық әртісі 90 жылдық мерейтойын атап өткен.

"Бағалы сыйлық болғаны - мынау (сағатын көрсетіп). 90 жылдығымда, 2019 Нұрсұлтан Әбішұлының қабылдауына бардым. Ол кезде Президент емес. Бірақ әлі Ақ үйде отырды. Әңгімелесіп, менен "Бибігүл Ахметқызы, бұйымтайыңыз бар ма?" деп сұрады. "Жоқ, бұйымтайым жоқ. Көп жыл жұмыс істестік. Президент емессіз. Сәлем берейін деп келдім" деді. Сонда ол кісі риза болды. "Маған адам өтінішпен келетін" деді. "Маған ештеңе керек жоқ. Құдайға шүкір, үйім бар, киімім бар, тамағым тоқ" дедім. Содан кейін маған сағатты сыйлады және өзінің кітабы бар екен. Эксклюзив кітап. Сол кітабын берді", - деді Бибігүл Төлегенова.

 


Рекомендовать
Последние новости