9 айында 743 азаматтың арыз-шағымы қаралған

Dalanews 10 нояб. 2021 04:54 1358

Түркістан облысы еңбек инспекциясы басқармасы 2021 жылдың 9 айында 743 азаматтың арыз-шағымдары қарап, олардың барлығына заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді. Арыздардың негізінде барлығы 158 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде мекемелер мен кәсіпорындарда 189 заң бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталған бұзушылықтардың ішінде 168-сі жойылып, заңға сәйкестендірілді. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Берік Ибадуллаев мәлімдеді.

Сондай-ақ, анықталған заң бұзушылықтардың негізінде 110 нұсқама беріліп, еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 3 026 387 теңге көлемінде айыппұл салынған.

– 2021 жылдың 9 айында Түркістан облысында 9 еңбек жанжалы тіркелген. Оның 3-і жалақыны көтеру, 3-і еңбек ақыларын уақытысында төлемеу, 3-і техниканы жалға беру және қызмет көрсету бойынша. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша барлық еңбек жанжалы шешімін тапты. 2021 жылдың басынан облыс бойынша 14 мекемеде жалақы қарызының орын алғаны анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша 1,6 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынып, орындалуы міндетті нұсқамалар берілді. Сондай-ақ, облыс кәсіпорындарында 2021 жылдың 9 айында 52 жазатайым оқиға орын алған, – деді Берік Серікбайұлы.

Рекомендовать
Последние новости