6 жылға сотталған айтыскер ақынның орнына жаңа басшы келді

Қаракөз Амантай 06 нояб. 2024 17:45 1998

Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл қызметке Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Мағжан Табылдин тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бұрынғы басшысы Әнуар Омаров сотталған еді.

Жезқазған қалалық соты облыстың Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әнуар Омаровқа қатысты үкім шығарды.

Ол мұражай мамандары мен басқа да ғалымдардың мақалалар жинағын шығару бойынша орындалмаған жұмыстары үшін заңсыз аудару арқылы 2,3 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Омаров бұрын Жезқазған қалалық сотының 2024 жылғы 12 наурыздағы үкімімен пара алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылғандықтан, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3,6 бөліктеріне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы Әнуар Омаровқа мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түпкілікті жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.


Рекомендовать
Последние новости