Жетісуда кәсіпкер сүтке бөлінген субсидияны құмар ойынға жұмсаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ЖШС-ның басшысы екі жыл бойы жалған құжаттарды пайдаланып, мемлекет тарапынан сүт өнімдерін қайта өңдеуге бөлінген субсидияларды заңсыз түрде "Ауыл шаруашылығы басқармасынан" ММ алып отырған.
"Келтірілген жалпы залал 300 млн теңгеден асты. Шығындарды растау үшін басқармаға жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алу жөніндегі өзара есеп айырысу туралы жалған құжаттар мен май өндіру бойынша жалған мәліметтер ұсынылған. Сонымен қатар, күдікті заңсыз алынған 110 млн теңге мөлшеріндегі субсидияны құмар ойындарға жұмсаған", - деп жазылған хабарламада.
Сот санкциясымен құны 300 млн теңге болатын зауытқа тыйым салынды.
Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамаққа алу қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр.