2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар өседі

Көркем Алдабергенова 29 дек. 2025 10:41

1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 10%-ға артады. Соған сәйкес барлық мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақы төлемдері де 10%-ға өседі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бала тууға байланысты берілетін жәрдемақы:

1–3-балаға – 164 350 теңге

4 және одан көп балаға – 272 475 теңге

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы:

4 бала үшін – 69 330 теңге

10 бала үшін – 173 мың теңге

Мүгедектік бойынша (жалпы ауру салдарынан):

1-топ – 111 872 теңге

2-топ – 89 498 теңге

3-топ – 61 021 теңге

Ең төменгі базалық зейнетақы: 35 596 теңге.

Ең жоғары базалық зейнетақы: толық еңбек өтілі болған жағдайда – 60 005 теңге.


Рекомендовать
Последние новости