2025 жылы АЕК, ең төменгі жалақы, зейнетақы қанша болатыны белгілі болды

Кәмшат Тілеухан 05 дек. 2024 16:15 1021

Жаңа мөлшермелер көлемі Мемлекет басшысының 2024 жылғы 4 желтоқсанда қол қойған "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы"заңымен бекітілгенін баса айта кетелік, деп жазады Dalanews.kz.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – 85 000 теңге (2024 жылы – 85 000 теңге);
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге (2024 жылы – 3 692 теңге);
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 32 360 теңге (2024 жылы – 28 215 теңге);
  • ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге (2024 жылы – 57 853 теңге);
  • базалық әлеуметтiк төлемдердiң (БӘЖ) мөлшерiн есептеудегі ең төменгі күнкөрiс деңгейі 46 228 теңге (2024 жылы – 43 407 теңге) құрайды.

Заңда жасы бойынша және еңбек еткен жылдары бойынша зейнетақы төлемдері олардың мөлшерінің 8,5%-ға ұлғаюы ескеріле отырып белгіленгені нақтыланады.

Міндетті медициналық сақтандыру бойынша мемлекеттік жарналар мөлшері – мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінен 2% көлемінде аударылады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сонымен қатар президент "2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға да қол қойғанын жазғанбыз.


Рекомендовать
Последние новости