2025 жылға дейін ШҚО-да 476 мың ағаш көшеті отырғызылады

Dalanews 27 апр. 2023 15:11 1172

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын орындау аясында Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспары бекітіліп, 5 жыл ішінде 476,5 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Бұл туралы ШҚО РСК брифингінде Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Шығыс Қазақстан облысы бойынша 277 мың ағаш отырғызылды, ал Өскемен қаласы бойынша – 26 мың ағаш көшеті отырғызылды. Бұдан басқа, Жолдау шеңберінде облыстың 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың кешенді жоспары әзірленді, бес жыл ішінде отырғызудың жалпы ауданы 15 мың гектарды құрайды, 76 млн - нан астам көшет отырғызылады, – деді Еламан Мұхтарханов.

Сондай-ақ, ол бүгінгі күні өңір жұртшылығының қатысуымен әзірленген 2020-2024 жылдарға арналған экологиялық проблемаларды кешенді шешу жөніндегі Жол картасын іске асыру жүріп жатқанын айтты.

ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын орындау мақсатында үш жылға перспективаға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

 

 

Рекомендовать
Последние новости