"20 жылқы + 4 түйе" және автокөлік жеңімпаздары

Dalanews 14 мар. 2016 05:57 953

«Жұлдыздар отбасы» мен «АҢЫЗ АДАМ» журналдарының редакциясы жұртшылық алдындағы міндетін орындап, 2016 жылға жазылған оқырмандар арасында «20 жылқы+4 түйе» және сатып оқитындар үшін «Автокөлік» ұтыс ойынын 13 наурызда «Тянь-Шань» қонақ үйінде белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал өнер жұлдыздарыныңнің қатысуымен өткізді.

 

8188_547410825426992_3841746729732787107_nҒаббас Қабышұлы:Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, сатирик-жазушы:

«Оқырмандарды жеңісімен құттықтаймын»

Жалпы Жарылқап мырза шығарып отырған журналдар халыққа, бүгінгі және ертеңгі ұрпаққа керек. «Аңыз адам» журналына өзіміздің және өзге елдің қаншама тарихи тұлғалары шықты. Осындай керемет журналға оқырмандарды жазылуға ынталандырып, ынталандырып ғана қоймай оларды ойынға қатыстырып, ақшалай сыйлықпен марапаттап жатса, керемет емес пе! Осы журналдың ұжымына тек ғана сәттілік тілеймін.

«Жұлдыздар отбасы», «АҢЫЗ АДАМ» журналдары ұйымдастырған «20 жылқы +4 түйе» ұтыс ойыны биыл да жылдағысындай ел-жұрттың көз алдында ашық, әділ өтті. Өзім бір түйенің иесін анықтап, есімін жарияладым. Ол кісіні де жеңісімен құттықтаймын. Жалпы жүлделі болған оқырмандарды жеңісімен құттықтаймын.

10264209_547411012093640_1211913747144345672_oАсқар Жұмаділдаев:ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор:

«Ойын өте әділ өтті»

«Жұлдыздар отбасы», «АҢЫЗ АДАМ» журналдарының «20 жылқы +4 түйе» ұтыс ойыны жыл сайын өтетін белгілі іс-шара. Жыл сайын бұл шара әділ өтеді. Мен бұған бірнеше рет қатыстым. Осы журналдың редакторы Жарылқап мырзаны қатты сыйлаймын. Ол менеджерлік және журналистикалық қабілетімен, өзі еңбегімен «Жұлдыздар отбасы» журналы мен «Аңыз адам» журналын осындай дәрежеге жеткізді. Мен бұл журналдардың ары қарай да қуанышты сәттерінің молынан болуына тілектеспін. Ең бастысы бұл жолғы оқырмандар арасында өтетін ұтыс ойны көпшіліктің көз алдында өте әділ, өте тамаша өтті.

Нәбижан Мұқаметханұлы, тарих ғылымдарының докторы:

10338586_547410942093647_2701836426660718147_o«Ұтыстың әділ болғанына көз жеткіздім»

Біріншіден:«Жұлдыздар отбасы», «АҢЫЗ АДАМ» журналдары ұйымдастырған «20 жылқы +4 түйе» ұтыс ойыны өте жақсы өтті. Мен өзім де бір жылқының иесін анықтап, ұтыстың әділ болғанына көз жеткіздім. Екіншіден: «20 жылқы +4 түйе» ұтыс ойынына шақырылған сыйлы қонақтар  қос журналдың маңыздылығы туралы жақсы пікірлерін білдірді, журналдарға болған танымдылықты айқындап, оқырманның түсінігін тереңдете түсті. Ең әуелі қазіргідей экономикалық дағдарыс кезінде журналдарды үзбей шығарып келе жатқан Жарылқап Қалыбай бауырымызға алғыс айтуымыз тиіс. «АҢЫЗ АДАМ» журналы тарихи тұлғаларды шығару арқылы оқырманның ұлттық, тарихи санасын қалыптастыруға үлкен үлесін қосып келеді. Және тарихи тұлғаларды айту арқылы сол кездегі тарихты, қоғамдық құрлымды, халықтың тіршілік, тынысын кеңінен ашып көрсетеді. Үшіншіден: «АҢЫЗ АДАМ» журналы қазіргі жастардың таным-түсінігіне лайық, оқуына жеңіл форматта білім беріп отыр. Осы арқылы жастарды отан сүйгіштікке тәрбиеледі. Сонымен қоса журналдың оқырмандарына да лайықты сыйлықтар беріліп жатыр. Жыл сайын жылқы, түйе үлестіріп беру журнал редакциясына да оңай емес. «Тәуелсіз Қазақстанымды сүйем, ұлтыма қызмет етем» деген азаматтар осы сияқты нақты іс-әрекетімен өздерін көрсету керек деп ойлаймын. Жоғарыда айтқанымдай ойын көпшіліктің көз алдында анық әрі әділ өтті.

Рысбек Сәрсенбайұлы,«Жас Алаш» газетінің бас редакторы:

«Қазаққа жасалған жанашырлық»

«Жұлдыздар отбасы», «АҢЫЗ АДАМ» жобасы қазақ баспасөзіндегі ерекше жаңалық. Бұл журналистер қауымы қызығатын,шығып жатқанына бірнеше жыл болғанына қарамастан, бұны әлі де жаңалық деп айтуға болады. Өйткені, оның әр санында тың тақырыптар мен жаңа дүниелер болады. Енді мына өткізіп жатқан шараның өзі де, сол жаңашылдықтың бір белгісі. «Жұлдыздар отбасы» және «АҢЫЗ АДАМ» журналдары ұйымдастырған «20 жылқы +4 түйе» ұтыс ойынының әділ өткеніне барлығымыз куә болдық Бұл журналға жазылуға оқырмандарды қызықтыру деп қарасақ, онда бұл бір жақты болады.Оқырмандардың жылқылы, түйелі, автокөлікті болып жатқаны жақсы емес пе? Бұның өзі оқырмандарға деген сый-құрмет және қазаққа көмектесу, қазаққа жасалған жанашырлық. Осы бастама ары қарай да жалғаса береді деп ойлаймын.

12722519_547426828758725_1952593699_o«20 ЖЫЛҚЫ+4 ТҮЙЕ» ҰТЫС ОЙЫНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

  1. Бимагамбетов Нурберген, Маңғыстау облысы, Теңге кенті, М. Бегенов көшесі 52-үй. (Рамазан Стамғазиев, дәстүрлі әнші)

  2. Құрманов Ербол, Атырау обл., Құрманғазы ауд., Ганюшкин селосы, Ж. Нағыметов көш.7. (Нұржан Жабаев, «Қазпошта» АҚ «Пошталық сервис» филиалының директоры)

  3. Ниязбеков Ж.С., Тараз қаласы, Яблочная көшесі 18-үй. (Талас Омарбеков, тарих ғылымдарының докторы, профессор)

  4. Солтан Ақиқат, Алматы обл., Текелі қал., Әуезов көш., 10-үй, 5-пәтер; (Жасарал Қуанышәлин, саясаткер)

  5. Манатова Сабира, СҚО, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылы. (Өмірқұл Айниязов, әнші)

  6. Қазбекова Гүлнар, Қызылорда қал., Тургенов көш., 7-үй; (Сейдахмет Құттықадам, «Мысль» журналының бас редакторы, саясаттанушы

  7. Сандыбаева Сая, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрыс кенті; (Рысбек Сәрсенбайұлы, «Жас Алаш » газетінің бас редакторы)

  8. Шауленов Батырбек, Ақтөбе қаласы, Ғ. Жұбанов көшесі 11 Б; (Хангелді Әбжанов, тарихшы)

  9. Айкалкаева Нұржамал, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Өркен көшесі, 15-үй. (Расул Жұмалы, саясаттанушы)

  10. Аухадиев Сайлаухан, Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі 99-үй, 42-пәтер; (Айдос Сарым, саятсаттанушы)

  11. Маханов Байғали, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылы. (Еркін Шүкіман , дәстүрлі әнші)

  12. Хамзин Пауеден, Атырау обл., Исатай ауд., Аққыстау ауылы, Атырау көшесі 21 (Толғанай Үмбеталиева, саясаттанушы)

  13. Нургазиев Утесин, Атырау облысы, Құлсары қаласы, Жылыой ауданы. (Ринат Зайытов, айтыскер ақын)

  14. Айсақалова Үміт, Алматы обл., Райымбек ауданы, Текес ауылы, 87022667796. («Алашұлы» тобы)

  15. Балықбаев Кеңес, Сарыағаш қаласы, Смайылов көшесі 19 (Райхан Мамырова , INVITRO зертханасының стратегиялық даму жөніндегі директоры)

  16. Калиев Есет, Ақтөбе обл., Шалқар ауданы, Шалқар, Аяқұм 14; (Шынар Сәрсембаева, «Happy Travel.kz » туристік агенттігінің директоры)

  17. Әмірбекова Ақторғай, Алматы қаласы, 87477067834. (Нәбижан Мұқаметханұлы, тарихшы-ғалым)

  18. Сигуатов Сыралы, Атырау обл., Исатай ауд., Ерғалиев ауылы, Жұбанов көшесі 17/1. (Ботагөз Есжанова Сұлтанбеккеліні, қажы, Алтын алқа иегері)

  19. Тоқмурзина Гүлжан, Атырау обл., Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы (Қалдыбек Құрманәлі, композитер, шәмшітанушы)


20.Оразалиев Абилжан, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Қ.Қонақбай 43. (Еділ Ноянов, тарихшы)

4 түйенің ұтыскерлері:

1. Сұлтанмұратова Рабия, ОҚО, Қазығұрт ауд., Қазығұрт ауылы, Райымбек батыр көш. 87026194237. (Серікболсын Әбділдин, мемлекет және қоғам қайраткері)

2. Кендырбаева Г. Талдықорған қаласы, Есетов көш., 37-үй; (Ғаббас Қабышұлы, сатирик-жазушы)

3. Молдақарызова Алия, Алматы обл., Нарынқол ауылы, Амангелді 73; (Бексұлтан Нұржекеев, жазушы)

4. Мықтыбеков Серік, Алматы обл., Балқаш ауд., Бақанас селосы, 70 жыл Қазақстан. (Асқар Жұмаділдаев, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор)

АВТОКӨЛІК ИЕГЕРІ:

Косшигулова Кулбан, Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұсабек ауылы, Андасова 10; (Жарылқап Қалыбай, «Жұлдыздар отбасы»,   «АҢЫЗ АДАМ» журналдарының бас редакторы)

Рекомендовать
Последние новости