19 желтоқсанда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды

Көркем Алдабергенова 19 дек. 2025 07:10

Синоптиктер 19 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

19 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

19 желтоқсанда түнде Ұлытау облысынның солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

19 желтоқсанда таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

19 желтоқсанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Атырау қ: 19 желтоқсанда тұман күтіледі.

Астана қ.: 19 желтоқсанда күндіз қар, жаяу бұрқасын. Күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с


Рекомендовать
Последние новости