19 адам зардап шекті: Күйік асуында ауа райы салдарынан көліктер жаппай соғысты

Азамат Қойшығара 31 янв. 2024 16:13 8059


31 қаңтарда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Күйік асуында ауа райы нашарлауына байланысты (боран, жол көрінбей) “Алматы-Ташкент” республикалық маңызы бар жолда (567 км) жаппай жол-көлік апаты болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жазғандай,жол-көлік апатында жеңіл көліктер, жолаушылар автобустары мен жүк машинасы соқтығысқан. Апат салдарынан Б.Момышұлы аудандық ауруханасына түрлі жарақаттармен 19 адам жеткізілді, оның ішінде 1 бала бар.



Сондай-ақ, ТЖД күштері қысылған адамдарды шығару бойынша авариялық құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қаза болғандар тіркелмеген.


Қазіргі уақытта Нұрлыкент ауылының "Мәдениет үйі" жылыту пунктіне 39 адам жеткізілді, оның ішінде 8 бала бар. Облыс аумағында ауа райы жағдайы нашарлауына байланысты департамент базасында жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылған. Жедел штаб жұмысына азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері жұмылдырылған. Психологиялық қолдау үшін сенім телефонына байланысуға болады.




Рекомендовать
Последние новости