Бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесуде Б.Баяхатова елімізде бұл мерекеге ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Балалы отбасылардың заңды мүддесі мен құқықтарын қорғау Қазақстанның мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары болатынын атап өтті.
Сонымен бірге, бала тууды ынталандыру мақсатында көпбалалы аналардың мәртебесі мен беделін көтеру, мүмкіншілігі шектеулі балаларды қолдау, аз қамтамасыз етілген отбасыларына мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдер қарастырылған.
Бағдарламада бала тууға қатысты жәрдемақылар, бір жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақылар, бала тууға және жүктілікке байланысты табыстан айырылған жағдайда төленетін төлемдер, бала күтіміне байланысты еңбек демалысындағы әйелдерге арналған міндетті зейнетақы төлемдерін субсидиялау, «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгісімен немесе «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналарға табыстан тәуелсіз төленетін ай сайынғы жәрдемақылар қарастырылған.
– Соңғы 10 жылда бала тууға қатысты жәрдемақы 8 есеге артып, 16 380 теңгеден 142 947 мың теңгені құрады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша бала тууға қатысты жәрдемақыны 392 мың адам 34,7 млрд. теңге сомасында алды, – деді Б.Баяхатова.
Сонымен бірге, бір жасқа дейінгі бала күтіміне арналған жәрдемақы соңғы 10 жылда 4 есе артып, 20 195 теңгені құраған.
2017 жылдың қорытындысы бойынша бір жасқа дейінгі бала күтіміне арналған жәрдемақы 145 мың адамға 32,4 млрд теңге сомасында аударылып, ал 2018 жылдың 1 қаңтарында 132 мыңға жуық адамға 9,8 млрд теңге жалпы сомасында қолдау көрсетілгені баспасөз мәслихатында мәлім болды.
Бұдан өзге, Б.Баяхатова 2008 жылдан бастап бала тууға және жүктілікке байланысты табыстан айырылған жағдайда төленетін төлемдердің енгізілгенін ерекшеліктер жөнінде де айтып берді.
2017 жылы 180 мыңға жуық адам 62,6 млрд теңге сомасында аталған төлем түрін алған. Тек 2018 жылдың 1 қаңтарында 68,5 мыңға жуық адамға 22,4 млрд. теңге аударылды.
Бір жастан кәмелеттік жасқа толғанға дейінгі балалар күтіміне арналған жәрдемақыларға тоқталсақ, 2017 жылы ӘСМҚ есебінен 225 мыңнан аса адамға 74,1 млрд теңге сомасында жәрдемақы берілді.
Бүгінгі таңда 265 мыңнан аса адамға 29,2 млрд теңге төленді.
Сонымен қатар, жұмыс істейтін әйелдер санының көбеюінің оң үрдісі байқалады. Бұл ӘСМҚ есебінен бір жасқа дейінгі бала күтіміне арналған жәрдемақы алушылар санының артылғанын көрсетеді. 2013 жылы аталған жәрдемақы түрі 135 мыңнан аса адамға аударылса, 2017 жылы олардың жалпы саны 225 мың адамды құрады.
Бұл ретте 2014 жылдан бастап бір жасқа дейінгі бала күтіміне арналған төлемдерді алушылардың зейнетақы жарналарын субсидиялаудың енгізілгенін айта кеткен жөн.
– 2017 жылы республикалық бюджеттен дербес зейнетақы шотына бір жасқа дейінгі бала күтіміне арналған жәрдемақыны 85 мыңға жуық алушыға ӘСМҚ –дан 4,4 млрд теңге аударылды. 2018 жылдың 1 мамырында 80 мыңға жуық алушыға 1,4 млрд теңге бөлінді, – деді Б.Баяхатова.
Сонымен бірге, Б.Баяхатова көпбалалы отбасы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың тиімді көрсеткіші екенін атап өтті.
Мемлекет көпбалалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгісімен марапаттай отырып, материалдық көмек те көрсетіп келеді.
Осылайша, батыр аналар 6,4 АЕК мөлшерінде немесе 15,392 теңге көлемінде өмірлік көмек алуда. Оларға салықтық жеңілдіктер, атап айтсақ, көлік құралдары салығына, мемлекеттік баж және тағы басқа салықтарға жеңіліктер де қарастырылған.
– 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында дүниеге келген сәбилер саны 92,6 мыңды құрады, бұл 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайызға артылған. 1000 адамға жалпы туу шамасы 20,57 тууды құрады. Сонымен бірге, Қазақстанда отбасының саны 4 миллионға артылды, отбасылық шамасы – 3,5 құрап отыр, – деді білікті маман.
Спикер 2010 жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақы ата-аналардың, асырап алушылардың, қамқоршының, кәмелеттік жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған ата-аналардың ең төменгі жалақысына 1,05 көлемінде мемлекеттік жәрдемақы енгізілгенін жеткізді.
Осыған сәйкес, 2017 жылы 77 мыңға жуық отбасыға 24 млрд теңге сомасында аталған жәрдемақы бөлінді. 2018 жылдың 1 мамырында 79 мыңға жуық адамға 9,8 млрд теңге сомасында төлем аударылған.
Өз кезегінде ол мемлекет өз азаматтарына қамқорлық жасап отырғанын және төленетін жәрдемақының көлемі артып келетінін жеткізді.
Осылайша, ана мен баланы қолдау бойынша құрылған ұлттық моделі туу ынтасын қамтамасыз етеді және отбасындағы бала тәрбиесіне жәрдемдеседі.