1 млн 400 мың теңге: қазақстандықтар желіде "Қайрат"-"Реал" матчіне билет сата бастады

Сағыныш Сардарова 26 сент. 2025 10:58

Қазақстандықтар желіде "Қайрат"-"Реал" матчіне билет сата бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Желіге шолу: қазақстандықтар билетті қаншадан сатып жатыр?

Threads желісінде матчке билет сататындардың жарнамасы көбейді:

Билет бағалары әртүрлі: біреуі 170 мың теңгеге, енді бірі 500 мың теңгеге бағалаған.

"250 мың теңгеге сатып алдым, 500 мыңға сатамын. Өзім Алматыдамын, барып кіргізіп жіберемін", - деген билет сататындардың бірі.

Ең қымбат баға - 1 миллион 400 мың теңге (екі билетке)

Жазба авторы стадионға дейін кіргізіп жіберетінін, 30 пайыз мөлшерінде алдын ала төлем жасалуы керек екенін, сонымен қатар, бәрі заңды екенін айтқан.

Желі қолданушыларының басым бөлігі мұның заңсыздық екенін айтып, құзырлы органдардан тексеріс жүргізуді сұрап отыр. Әзірге "Қайрат" футбол клубы тарапынан да, құзырлы органдар тарапынан да мәлімдеме жасалған жоқ.

Бұған дейінгі жағдай

23 қыркүйекте билет сатылымы ашылды, санаулы минутта сайттарда ұзан сонар кезек пайда болды. Алматыдағы стадион шамамен 23 000 адамға арналған. Ал кезекке бірден 100 мыңнан аса жиналды.

Еске салайық, бұған дейін бір адамға 2 билеттен артық берілмейтіні, ЖСН және төлқұжат деректері көрсетілуі керек екені, бұл деректер стадионға кірген кезде де тексерілетіні айтылды.

Ал билет бағасы 30 мың мен 250 мың теңге аралығында болды.


Рекомендовать
Последние новости