1 балл - 7 мың теңге: Ақтөбеде ҰБТ тапсыруға көмектесемін деген мұғалім сотталып кетті

Сағыныш Сардарова 30 янв. 2026 14:45

Ақтөбеде ҰБТ тапсыруға көмектесемін деген мұғалім сотталып кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақтөбе қаласының №2 соты Ж.-ға қатысты қылмыстық істі қараған.

Сот мәліметінше, Ж мектеп мұғалімі бола тұра, Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткізіп беремін деп, жәбірленушілермен сөйлесу барысында 1 балл 7 000 теңге болатынын айтқан. 80 балл жинау үшін әрқайсы 560 000 тенгеден ұсынған.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындаған. Оның кінәсі жәбірленушілердің жауаптарымен, банк қағаздарымен дәлелденген.

Сот үкімімен Ж. ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 3) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жылға педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Десе де "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының заңының 3-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес түпкілікті 2 жыл 4 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.  


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove