Қазақ ақыны: «Бақ – пұшық пен ақсаққа да, Үсенов Мақсатқа да қонады»

Dalanews 02 мам. 2018 05:09 294

Белгілі ақын, шындық сөзден таспа тілетін үлкен талант иесі Төреғали Тәшенов қоғамдық өміріміздегі келеңсіз жайттарды өлеңмен өрнектеп, оқырман қауымның ықыласына бөлініп жүрген санаулы ақындардың бірі. Ұлт мүддесі тұрғысынан сөз айтуға машықтанған ақын «Бақ» деген жырында бірнеше мақалаға арқау болатын өзекті мәселені төрт-бес шумақ жыр жолдарына сыйғызып жіберіпті. Етектей қылып мақала жазғанша, арасында осылай отты өлеңмен-ақ қоғамға баға беруге болатыны анық. Осы ретте ақынның шындықты осып-осып айтқан отты жырын оқырман қауымға ұсынуды жөн санадық.

 

 

БАҚ

Бақ – пұшық пен ақсаққа да,

Үсенов Мақсатқа да,

Сағадиевтің «Үш тіліне» де,

Вл.Кимнің түшкірігіне де қонады;

 

Бақ – кейде боққа қонады,

Тұңғышбайды тұқыртып,

Матаевты мүйіздеген Сотқа қонады;

Бақ – Телібековтің құсық сөзіне,

Василий Нидің қысық көзіне,

Әнебір дәудің боқ қарнына да,

«Қалила қожаның» интернетте хит болған қошқарына да,

Шалды алдап жүрген жас иіске де,

Венгерді алдап түсірген таксиске де қонады;

 

Бақ – тегін білмегеннің тайқы маңдайына,

Тілін білмегенннің «жалко» таңдайына,

«Жорға бидің» шапанының шалғайына,

Тойымсыз мешкейдің пышағына,

Кейіпсіз қаскөйдің құшағына,

Банктегі жуан қараның портфеліне,

Биліктегі сылаң неменің аш беліне қонады.

 

Бақтың көзі – соқыр!

Соқыр бақ – қайтіп оңдырмақ?!

Енді, сол Соқырың,

бір қолына іліккенін Ұлттық пантеонға,

екінші қолына іліккенін «100 жаңа есімнің» ішіне апарып қондырмақ…

 

https://dalanews.kz/24293

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x