ПОКЕР БӘСЕКЕСІ

Dalanews 20 қар. 2014 02:01 252

 Алматыдағы Қапшағай қаласында еліміздің тарихында тұңғыш рет «Poker Quest TV-Show» деп аталатын покер жарысы ұйымдастырылды.

Айта кетелік, Батыстың бірқатар елінде покер спорттық ойын деп саналады, тіпті ұлттық деңгейдегі турнирлер өткізіледі. Ал телеарнадан тамашалау, ғаламтордан көру жағынан покер футбол мен баскетбол спортынан кейінгі үшінші орында.

Спорттық покер Қазақстанда да кеңінен дамып келеді. Бұл тарапта еліміздің намысын қорғап түрі турнирлерге қатысатын, оның ішінде Лас-Вегаста өтетін покерден Әлем біріншілігінде бақ сынайтын қазақстандықтардың бар екенін біреу білсе, біреу білмес. Ал осы спорт мамандары, өз кезегінде: «спорттық  покерді жарнамалауға ақпарат құралдары да үлес қосса» дейді.  

Ал журналистерге арналған осы жолғы бәсекені ұйымдастыруға спорт журналисі Роман Лопатенко мұрындық болды.

-  Мұндай деңгейдегі жарысты өткізу көптен бері ойымда жүрген еді. Осылайша Қазақстан спорттық покер федерациясының президенті Алтай Қайырбековтың қолдауымен осы жарысты Қапшағай ойын залындағы «Макао» казиносында өткізуге бел байладық, – деді ол өз сөзінде.  

Үш кезеңдік жарыстың нәтижесінде ақтық сынға шыққан 16 үміткер іріктелді. Олар өз кезегінде алдағы уақытта өтетін бәйгенің «бір де бір» бәсекесінде үздікті анықтайды. Жеңімпаз халықаралық  EPT Prague покер  фестиваліне жолдама алады.

Мадияр Жүнісбаев


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x