Қазақстандық полицияның "кибер бақылау" жүйесі қаншалықты нәтиже беруде?

Dalanews 11 қыр. 2022 11:55 286

 Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың атап өткеніндей Қазақстан полициясы жаңа қауіп-қатерлермен бетпе-бет келуде. 

Ведомство басшысы сала мамандарына қазіргі ақпараттық технологиялардан қалыс қалмауды қатаң ескертіп отыр.

Министрдің айтуынша еліміздегі есірткі бизнесі әлдеқашан интернет кеңістікке ауысып  кеткен, ал бұл ортаны бақылау, қылмыстың жолын кесу, "жеңгетайлардың" желісін анықтау үшін "кибер әлемнің" ұңғыл-шұңғылын беске білетін мамандар ауадай қажет.

Ахметжанов өз пікірінде:

«Мына жайтты керек: 2019-2020 жылдардан бастап ғаламтор арқылы есірткіні жарнамалау, пайдалануға үгіттеу, саудалау ауыр және аса ауыр қылмыс түріне жатады. Олардың жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан белсенді жұмыс аса ауыр қылмыстың 30 пайызға артуына алып келді.

Демек, бүгінгі тіркеліп жатқан қылмыс атаулының әрбір үшіншісі есірткіге тікелей қатысы бар. Оның 300-ден астамы ғаламтор көмегімен жасалған. Яғни, алыс - беріс интернет арқылы жүргізілген.

Биылғы жылды қаңтарынан бері жүргізілген мониторинг негізінде 1700-ден аса есірткі жарнамасымен айналысатын порталдар анықталды. Бұлардың барлығы да "кибер бақылау" жүйесінің көмегімен біржолата бұғатталды.

Ғаламторға орнығып алған осынау интернет-дүкендерге – есірткі коммерциясымен айналысатындар, оны жеткізу жұмысы жүктелген курьерлер, керек десеңіз алтын, күміс қабылдайтын ломбардтардан тұратын үлкен қылмыстық топ иелік етеді. Бір сөзбен айтқанда, бұл есірткі саудалаудың цифрлық ұя деуге болады», – деді  министр Ахметжанов.

Оның айтуынша, әлгіндей бір интернет-ресурсты жоюдың арқасында жүздеген, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға негіз бар. Сондай-ақ, министр індет кезінде жабық шекара жағдайында пайда болып, дамып отырған дәрілік зертханалар мен қоймалар да үлкен қауіп төндіретінін атап өтті.


Биылғы жылдың басынан бері қазақстандық полицейлер осындай отыздан астам цехтың көзін жойып, 100 келі синтетикалық немесе 2 млрд теңгеге жуық 200 мыңнан астам дозаны тәркілеген.

Ішкі істер министрі айтуынша, өткен аптада ғана Павлодар мен Петропавл қалаларында интернет-дүкен арқылы есірткі сатушылар ұсталып, олардан екі жарым келі синтетикалық есірткі тәркіленген.

«Ресейлік құқық қорғау органдарымен бірлесе жүргізген шұғыл операция барысында трансұлттық есірткі тобы түбірімен жойылды. Осы ұйымның төбе басындағы тұрған азаматтардан Тараз бен Омскі қаласында жасырған құны 9 млн долларға жуықтайтын 250 келі synthetics санатындағы наркотик табылды.

Айта кетейін, аталған есірткінің санаты былтырғы жылдың күз айынан бастап қана аса ауыр санатқа жатқызылған есірткінің тізіміне енді. Естеріңізге салайын, мұнымен ойнауға болмайды. Мұны ермек көретіндей, егерде наркотиктің бір грамын сақтаса да, қылмыстық жауапқа тартылады», – деді министр.

Министрдің мәліметінше, биылғы жылдың басынан күні бүгінге дейін полицейлер 11 тоннадан астам есірткіні тәркілеп, арнайы қылмыс топтарын әшкерелеген.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x