Қазақстандағы әйелдердің басқарушылық әлеуеті мен саяси мәдениетін дамытуға бағытталған тренингке қатысыңыз

Dalanews 13 қаз. 2022 12:04 221

Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, ҚР Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi Ұлттық комиссияның қолдауымен тренингтерге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды бастады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тренингтің мақсаты: «Томирис» ақпараттық-білім беру бағдарламасын іске асыру үшін тренерлерді іріктеу және оқыту, Қазақстандағы әйелдерді шешім қабылдау үдерістеріне және елдің саяси өміріне белсенді тарту мақсатында Қазақстандағы әйелдердің басқарушылық әлеуеті мен саяси мәдениетін дамытуға бағытталған.

Біліктілік талаптары:

- Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан азаматшалар;

- Тренингтер өткізу тәжірибесі кемінде 2 жыл;

- Артықшылығы ретінде гендерлік теңдікті немесе адам құқықтарын ілгерілету саласындағы тәжірибесінің болуы;

- Командада жұмыс істеу дағдылары;

- Артықшылығы ретінде сайлау науқандарындағы білім мен тәжірибесінің болуы.

Тренингтің өту форматы: Тренинг күндізгі форматта өтеді. Тұратын жер,  тамақтану, тренинг өткізілетін жерге дейінгі көлік шығыстарын тренингтің ұйымдастырушылары өтейді.

Өтініш беру алгоритмі:

➢ http://ttomiris.tilda.ws/ сайтында Өтінімді толтыру;

➢ Түйіндемені тіркеу;

➢ 2 минуттық қысқаша өзіңіз бен өмірлік, кәсіби мақсаттарыңыз туралы баяндайтын бейне хабарламаны жазу;

Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 15 қазанға дейін жүзеге асырылады.

Өтетін күні мен орны: Астана қ.  2022 жылғы 1-5 қараша

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x