Зеленский жол апатына түсті (шұғыл)

Dalanews 15 қыр. 2022 11:56 293

Украина Президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров Киевте Владимир Зеленскийдің жол апатына түскенін өзінің Facebook парақшасында жазды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Киевте жеңіл автокөлік Украина президенті мінген және оның артынан еріп келе жатқан көліктермен соқтығысқан.

Мемлекет басшысының жанындағы дәрігерлер жеңіл көліктің жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны жедел жәрдемге табыстаған.


Дәрігер сондай-ақ, президенттің де жағдайын тексеріп, алаңдайтын жарақат жоқ екенін айтты. Жол апатының анық-қанығын құқық қорғау органдары анықтайды, – деп жазған баспасөз хатшы.

https://dalanews.kz/news/81303-duniening-dinggeni-din

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x