Жалған ақпарат үшін Нұрғали Нүсіпжановтан кешірім сұрады

Dalanews 28 қаз. 2020 08:44 399

Кеше еліміздегі интернет ресурстарда танмал әнші Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғаны жайындағы ақпарат тараған болады. Алғашында ағамыздың сәбилі болғанын бізде қуанып, Dalanews.kz сайтында ақпаратты бөліскенбіз. Бірақ кейіннін бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны мәлім болды.

Жалған ақпарат алғашында Almaty арнасынан шығатын Paparazzi бағадарламасында жарияланыпты. Бүгін Almaty каналының басшысы Нұржан Жалауқызы өзінің Фейсбук әлеуметтік желісінде парақшасында жалған ақпараттың таралып кеткені үшін Нұрғали Нүсіпжановтан кешірім сұрап жазба қалдырды.

«Құрметті ФБ оқырмандары! Кешеден бері қазақ елінің біртуар азаматы Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз туралы  тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді.  Ең алдымен Almaty телеарнасының басшысы ретінде Нұрғали ағадан кешірім сұраймын! Сіздің жүрегіңізге абайсызда түскен осынау қаяу менің әріптестерім үшін үлкен сабақ болары сөзсіз.

Сондай-ақ, телеарнамыздың  тапсырысымен дайындалатын Paparazzi бағдарламасының тілшісімен көрермендерге жалған ақпарат таратқаны үшін бұдан былай жұмыс істемейтіндігімізді xабарлаймын.


Телеарнамыздың ұстанымы – қазақ елінің кешегісі мен бүгіні үшін аянбай еңбек еткен  әр саладағы аяулы ұл-қыздарына әрдайым құрметпен қарау болып қала береді» деп танымал әншіден кешірім сұрады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x